back-image
"Нұра жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Нұра жалпы білім беретін мектебі" КММ
Хабарландыру
11-08-2023 10:48
Хабарландыру
АТА -АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
 
2023-2024 оқу жылында аудандық білім беру ұйымдарында 1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде  мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес:
 
✅1)Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде:трикотаж жилет, ) Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;
 
✅2) Қыздардың мектеп формасы:  қара көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет,  қара-көк түсті  белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.
 ✅  Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, куртка, ақ  футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды) тұрады.
✅   Мектеп формасына түрлі ❌  діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды❌❌❌
Новости