back-image
"Нұра жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Нұра жалпы білім беретін мектебі" КММ
Білім күні
15-09-2023 16:53
Білім күні

1 қыркүйек күні мектебімізде білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» салтанатты жиын өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын оятуға, талаптануына және мектептің мүддесін қорғауға тәрбиелеу.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры С.К. Бердешова алып, мұғалімдерді, ата-аналарды және оқушыларды мерекемен құттықтап, ақ тілегін арнады. Сонымен қатар ардагер ұстаз Е.С.Аширбеков пен ауыл әкімі А.М.Ағзамов жас бүлдіршіндерге тілектерін арнады.
Бұл күн, әсіресе, 1-сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Ендеше, тарыдай болып кірген жас бүлдіршіндерге келешекте таудай азамат болып шығуына тілектеспіз!

Новости