Олимпиада жеңімпазы!

Ақпан айының 29 жұлдызында Қарағанды қаласындағы облыстық мамандандырылған Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ләззат Бәйішқызы атындағы облыстық олимпиада өтті. Осы білім додасына мектебіміздің 9-сынып оқушысы Абилдинова Нұрдана мен 10-сынып оқушысы Уахит Гүлжауһар қатысып қайтты. Оқушымыз Нұрдана жүзден жүйрік шығып, топ жарды. 2-жүлделі орынды қанжығасына байлаған шәкіртіміз Өскемен қаласында өтетін Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиадаға жолдама алды. Мұғалімі Ж.Б.Искакова.
Шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы сыннан сүрінбей өтуіне тілектеспіз! Сәттілік!!!