
15 сәуір күні Қарағанды қаласында өткізілген республикалық "Мәшһүр-Жүсіп оқулары" байқауының облыстық кезеңінде аудандық додада жеңімпаз атанған: "Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген" ақындар мүшайрасы бағытында 9-сынып оқушысы Бердешов Ертуар және "Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар" бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Абильдинова Нұрдана топ жарып, республикаға жолдама алды. Жеңімпаздарымыз бен жетекшісі Ж.Б.Искаковны құттықтаймыз! Жеңімпаздарымыздың республикадан сәтті оралуына тілектеспіз!