Құттықтаймыз!! Республикадан 1-орын

15 мамыр күні философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармашылығын дамыту мақсатында Павлодар облысы Екібастұз қаласында V республикалық "Мәшһүр оқулары"өтті.
Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрлігі "Дарын" республикалық-ғылыми орталығының қолдауымен өткен бұл додаға еліміздің түкпір- түкпірінен 93 шығармашыл жас өрен қатысты.Сол үміткерлердің арасында Нұра жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Абилдинова Нұрдана("Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фольклорлық жазбалары.Хандар,батырлар" бағыты бойынша) және 9-сынып оқушысы Бердешов Ертуар( ақындар мүшайрасы ) Қарағанды облысының намысын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша білімімен топ жарған шәкіртіміз Абилдинова Нұрдана "жүзден жүйрік" шығып, 1-орынды қанжығасына байлады.
Шәкіртіміз Нұрдана мен оның жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Балтабайқызын жеңістерімен құттықтаймыз. Болашақта жеңіс тұғырынан түспей, мектебіміздің даңқын көтере беріңіздер дегіміз келеді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!!!