Мектеп оқушыларын қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

Нұра ЖББ мектебінде 15 мамыр күні учаскелік инспектор полиция майоры Б.Б.Шокембаев мектеп оқушыларымен жазғы демалыс уақытында қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Кездесу барысында жолда жүру ережесі, су қауіпсіздігі, мопед, мотоциклде жүру қауіпсіздіктері туралы түсініктеме берді. Сонымен қатар түнгі уақытта жүру уақыты туралы айтып өтті.