"Алтын Сақа" Олимпиадасының Аудандық Кезеңінің ЖЕҢІМПАЗЫ!
Құттықтаймыз! "Алтын Сақа" Олимпиадасының Аудандық Кезеңінің ЖЕҢІМПАЗЫ!
Құрметті қауым!
Қарой ЖББМ атынан біздің 3-сынып оқушысы Амангелді Ыдырысты "Алтын Сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіндегі тамаша жеңісімен І- орынмен шын жүректен құттықтаймыз!Облысқа жолдама алды.
Амангелді Ыдырыс өзінің білімін, зеректігін және математикаға деген терең қызығушылығын дәлелдеп, аудандағы үздіктердің қатарынан табылды.
Бұл жетістік – алдағы үлкен мақсаттарға жетудің жарқын бастамасы.
Ерекше алғысымызды білімді шәкірт дайындаған ұстазы Темирбекова Алтынай Жанатовнаға алғыс білдіреміз.