"Бала құқығы - адам құқығы"
"Балалар жылы" аясында мектебімізде "Бала құқығы - адам құқығы" онкүндігінің өтуіне байланысты жоспарға сәйкес мектеп психологы оқушылармен "Сен өз құқығыңды білесің бе?" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға өз құқықтары жайлы ақпарат берілді. Оқушылар да өз ойларымен ашық бөлісіп, тренингпен аяқталды.