« Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы»
«Отанды сүю отбасынан басталады» отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Баланың өзінің тіліне, дініне, ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен, анасының сүтімен беріледі. Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген ән тыңдаса, тілі шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе, баланың патриоттық сезімі оянбағанда қайтеді.
Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болып табылады.
А. Асылбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде отбасы күніне орай құрылған іс – шара жоспарына сәйкес балаларды отансүйгіштікке, зиялылыққа, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында « Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.