1 қазан – Халықаралық қарттар күні!
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, ауылдық мәдениет үйінде мектеппен бірлесе мерекелік іс – шара өткізілді.
Мерекелік іс- шарада ауыл әкімі М.Б. Бастенов сөз сөйлеп, ауыл ардагерлерін мерейлі мерекемен құттықтады.
Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерең ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі.
Мерекеде мектебіміздің оқушылары, ұстаздары ардагерлердің құрметіне ән шырқады. Қазыналы қарттарымыз көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.