Дублер күні....
Мектебімізде дублер күні өтті.
5 қазан мұғалімдер мерекесі қарсаңында Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында "ДУБЛЕР КҮНІ" бастау алды.
Осы күні 9,10,11 - сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырып, іс-шараға жауапкершілікпен дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Таңертеңнен бастап мектепте ерекше атмосфера орнап, қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алу. Осы күні мектеп директоры - Марат Архат (Мектеп Ұланбасы )және директорының орынбасарлары – Мыктыбаев Гизат (9 қазақ сынып), Ахантаева Айзара (11 қазақ сынып оқушысы ) болды. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.