«Жақсылығыңмен бөліс» атты науқан
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» аясында мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының «Қамқорлық» фракция жетекшісі Ережепова Назерке және мектеп психологы А.Б. Жусупованың бастамасымен «Жақсылығыңмен бөліс» атты науқан өтті. Науқан мақсаты: қоғам назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне аудару, жақсы істер қоғам игілігіне бағытталса, көңілге қуаныш және шаттық сыйлайтынын түсінy.
Науқанға мектеп ұжымы белсене қатысып, оқушыларға керекті кеңсе тауарлары таратылды.