"Құмарлыққа бой алдыру - тәуелсіздік құрдымы" тақырыбында ата-аналар жиналысы
Ата - аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің бастауыш, орта ,жоғары сынып оқушыларының ата - аналарымен "Құмарлыққа бой алдыру - тәуелсіздік құрдымы" (Сынабаева Г. Т.), "Бұлақ көрсең, көзін аш " (Жакупова А.Х.), "Баланы жастан..." (Мусабаева А. Ж.) тақырыптарында ата-аналармен педагогикалық қолдау көрсету мақсатында жиналыс өткізілді. Ата -аналармен тренингтер, қызықты ойындар өткізілді. Сонымен қатар ата-аналарға кеңес беріп, сұрақ қойып кері байланыс жасалып отырды.