«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы басталды.
Бүгін, яғни 5 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 -9 ақпан аралығында Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы басталды.
Цифрлық сауаттылық апталығының мақсаты- оқушылардың информатикаға, ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу.
Ақпараттық сауаттылық апталығының негізгі міндеттері:
✓ Күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту;
✓ Информатикаға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылықты қалыптастыру және нығайту;
✓ Ақпараттық технологиялар саласында оқушылардың дайындық деңгейін арттыру;
Апталық аясында өткізілітен іс-шаралар:
«Цифрлық әлем» ақпараттық және компьютерлік сауаттылығын дамыту апталығының ашылуымен басталып,одан кейін
Сыныптан тыс іс-шара өткізу, оның ішінде «IT саласындағы мамандықтар» - біздің болашағымыз атты түрлі іс-шараларды қамтиды. Инновациялық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдерімен, атақты блогерлермен кездесу. Сонымен қатар мұғалімдер оқытудың белсенді әдістері бойынша шеберлік- сыныптары мен семинарлар өткізеді.аптаның 1-3 ші күндерінде
«Логика қайда?», «Интеллектуалды мозаика» атты блиц-турнирлар бастау алса, 4-ші күні «Жасанды интеллект» күні: жаңа шынайылық және хабарламасыз байланыс жасаймыз.
Аптаның соңғы күнінде «Біздің уақытымыздағы үшөлшемді модельдеу» күні деп саналып 3D бағдарламасымен мен жұмыс жасау жоспарланып отыр!
Барлық педагогтер мен оқушылар және ата-аналарды «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығына белсенді қатысуға шақырамыз!
#нұраауданыбілімбөлімі
#obb_qaraganda
#umckrg