back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектебімізде жаңа басшы тағайындалды.
11-03-2024 12:00
Мектебімізде жаңа басшы тағайындалды.
2024 жылдың 11 наурызынан бастап Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің директорының міндетін атқарушы болып Абаев Ерболат Ерденұлы тағайындалды.
Ерболат Ерденұлы 1972 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданының Ағанас ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Целиноград қаласының № 4 қазақ мектебін бітірді. 1994 жылы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген соң, ұстаздық еңбек жолын Ағанас ауылында бастады. Бір жыл ұстаздық еңбек етіп, 1995 жылы Нұра ауданының Майоровка (сол кездегі атауы) қазіргі Егінді ауылының мектебіне мұғалім болып жұмысқа қабылданды. Аталған ауылда 1994 жылдан өзінің еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастап, оқу-ісі-меңгерушісі болып жалғастырып, 2008-2014 жылдардағы директорлық қызметтен - ауылды көтеру мақсатымен әкімдік қызметке ауыстырылды. Өз еңбек жолын 10 жыл көлемінде мемлекеттік қызметте жалғастырды. Ұстаздық және әкімдік қызмет саласының еңбек жолында еңбектері бағаланып аудандық, облыстық білім басқармасы мен Білім және Ғылым министрлігінің (сол уақыттағы атауы) грамоталарымен марапатталған. Ерболат Ерденұлы шығармашыл, қарапайым, адамгершілігі мол, айтқан ісін соңына дейін орындайтын шыншыл азамат. Мектебіміз бен ауылымыздың көркеюіне зор үлесін қосқан ауылдасымыз!
Ерболат Ерденұлының білім саласындағы еңбек жолына шығармашылық табыс тілейміз!
Новости