Ерте жүктілік мәселесі бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі, өйткені елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында жасөспірімдерде ерте жүктілік пен босану саны жыл сайын артып келеді. Мектеп психологыА.Б. Жусупова 7 -11 сынып жасөспірім қыздарымен “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгімешеңберінде жасөспірім кезіндегі жүктіліктің статистикасы және жүктіліктің жетіліп келе жатқан ағзаға теріс әсері, қыздарды болуы мүмкін қателіктерден сақтандыру сұрақтары қамтылды. Мәселемен күресудің ең жақсы жолы оның алдын-алу. Профилактикалық әңгімеөте қызықты өтті, жасөспірімдер өз сұрақтарына жауап ала алды.
#нұраауданыбілімбөлімі #ертежүктілік #профилактика