back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
11-сыныптың ата-аналарымен кезекті жиналыс өткізілді.
09-04-2024 09:36
11-сыныптың ата-аналарымен кезекті жиналыс өткізілді.
Мектебімізде ағымдағы жылдың 8 сәуір күні 11-сыныптың ата-аналарымен кезекті жиналыс өткізілді. Мектебіміз бойынша ҰБТ тапсыратын оқушы саны – 3. 
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: оқушылар мен ата-аналарды ҰБТ тапсыру ережесімен таныстыру, оқушылар мен ата-аналарға психологиялық кеңестер беру. Мектеп бітіруші түлектердің білім көрсеткішінің  сапасын таразылайтын ҰБТ-ға дайындығын күшейту мақсатында алынған байқау тесттерінің нәтижесі сараланды. Жиналысқа мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі, мектеп психологы қатысты. 
ҰБТ-да жоғары балл жинаған мектептің де абыройы биік болатыны сөзсіз. Сондықтан, ҰБТ-ны сәтті тапсыру педагогикалық ұжымның, ата-аналардың  маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Жиналыс көңілді тренингпен аяқталды. 
#нұраауданыбілімбөлімі #ҰБТ2024 #жастүлек2024
Новости