2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні.
Бұл күн 2007 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен белгіленген болатын, онда аутизмге шалдыққан балалардың саны көп болғаны алаңдаушылық туғызды. Бүгінгі таңда Қазақстанда аутизмі бар 7 мыңға жуық бала бар, ал бейресми деректер бойынша аутизмі бар балалардың саны 30 мыңнан асады. «Autism Speaks» халықаралық ұйымының деректері бойынша 2020 жылы дүние жүзі бойынша әрбір 54-ші балаға аутизм бар. Мектебіміздің психологы мектеп оқушыларына «Аутизм: генетикалық сырқат па, психологиялық ауру ма?» тақырыбында презентациялар мен жадынамалар таратып, жалпы аутизм туралы сұрақтарға жауап берді.
#нұраауданыбілімбөлімі #аутизм