23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні!
Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Мереке Халықаралық кітап баспа қауымдастығының қолдауымен 1969 жылдан тойланып келеді. 1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып, 23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып жарияланды.
Мерекеге орай мектебіміздің кітапханасында «Кітапхана тынысы» атты іс-шара өтті. Шара барысында оқушылар авторлық кітаптармен танысып, мәнерлеп, дауыстап оқу сайысы өтті.
#Нұраауданыбілімбөлімі