"Ұлттар достығы" тақырыбында, жас оқырмандарының қатысуымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай іс-шара өткізді.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Бүгін де А.Асылбеков атындағы ЖББ мектеп кітапханасында мектеп кітапханашысы Калиева М.К. "Ұлттар достығы" тақырыбында, жас оқырмандарының қатысуымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай іс-шара өткізді. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.