"Отбасы-ынтымақ ошағы" тақырыбында 2-қазақ сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
"Отбасы-ынтымақ ошағы" тақырыбында 2-қазақ сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Сынып жетекші Жакупова М.Д. ата-аналарға 2023-2024 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғанын, осы оқу жылында атқарылған іс -шаралар мен жеткен жетістіктер жайында айтып өтті. Ата-аналарға 27.05-31.05 аралығында 1-4 сыныптарда "Жазғы мектеп" ұйымдастырылатынын айтып өтті.
"ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУЫ" тақырыбында жазғы демалыс кезінде балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша: жол қауіпсіздігі; өрт қауіпсіздігі; судағы қауіпсіздік ережелері; табиғаттағы қауіпсіздікті сақтау жөніндегі нұсқаулық беріп, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Жаз-2024» балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.