"Ұлттық ойындар"

13.03.2025 ж Наурыз мейрамына арналған онкүндік аясында Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің мектепалды сыныбында "Ұлттық ойындар" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – балаларға қазақтың ұлттық ойындарын таныстыру, олардың маңызын түсіндіру және қызығушылықтарын арттыру.
Іс-шара барысында балалар "Асық ату", "Шертпек", "Ханталапай", "Бәйге" сынды дәстүрлі ойындарға қатысып, өз ептіліктері мен шапшаңдықтарын сынады. Ойындар балалардың дене шынығуына, жылдамдық, ептілік және достық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталды.