«Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан»

1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай А.Асылбеков атындағы ЖББМ «Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан» атты тақырыпта мектеп оқушылары арасында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Отанын сүйе білуге, бірлікке, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу. Көп ұлтты еліміздің тарихын білуге, өзге ұлттар рәміздерін қастерлеу, елімізді өркендету жолында білімді де, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Іс-шара барысында өзге ұлттардың әндері мен билері орындалды.
Қазақстан халқының бірлігі күні - Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.
Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы арта берсін.
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg