Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған блиц-сауалнама.

1 маусым, дәстүр бойынша, жыл сайын бүкіл әлемде -Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі! Биыл 2025 жылғы 27 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауыл әкімі М.Б. Бастенов А.Асылбеков атындағы ЖББМ оқушыларымен кездесті. Біздің барлық игі істеріміз, үміттеріміз балалармен байланысты және олар бізге шын жүректен жылулық, жүректерінің сүйіспеншілігін береді.Балалар – біздің болашағымыз! деп, оқушыларға жазғы демалыстарын пайдалы әрі қызықты өтуіне тілек білдірді.