"Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл"
А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде апталықтың төртінші күні, яғни 11 желтоқсан күні
8-11сынып оқушыларына "Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл" атты деректі фильм көрсетілді және 5-8 сынып оқушыларымен
"Тәуелсіздікті қалыптастыру проблемалары" атты іскерлік ойыны өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: Оқушылардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

