back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жол қозғалысы ережелері!
05-09-2025 10:43
Жол қозғалысы ережелері!
«Әр қадам ереже бойынша: Жол қозғалысы ережелері күзетте!»
Мектебімізде 2025 жылдың 2-5 қыркүйек аралығында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қауіпсіздік апталығы өтті. Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы осы мәселеге барлық жол қозғалысы қатысушыларының назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.
Қауіпсіздік апталығының мақсаты: балалардың өзін және басқа да жол қозғалысы қатысушыларын құрметтеуге, жолда мұқият болуға және олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Апта бойы оқушылармен «Көше және жаяу жүргіншілер», «Жол қозғалысы ережелерін біл және сақта», «Қауіпсіздік ЖЖЕ» т.б тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатында балаларға жол қозғалысы ережелері туралы жадынамалар таратылды.
Қауіпсіздік апталығының әр оқу күнінің соңында сынып жетекшілері жол қозғалысы ережелері бойынша бес минуттық кездесулер өткізді. Барлық өткізілген іс-шаралар мектептің жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысының бір бөлігі болды.
Новости