Абай Құнанбайұлына арналған танымал постер!

Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің 5-6 сынып оқушылары ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлына арнап танымал постер жасады. Балалардың қолынан шыққан бұл жұмысқа ақынның даналық сөздері, өлең жолдары мен бейнесі бейнеленген.
Постерде Абайдың негізгі ойлары – білімге ұмтылу, еңбек ету, әділ болу, адамгершілікті жоғары қою сияқты құндылықтар көрініс тапты. Оқушылар өз қиялдарын қосып, түрлі түстер мен суреттер арқылы ақынның халыққа қалдырған өсиетін әсерлі жеткізе білді.
Бұл постер – балалардың Абай мұрасына деген құрметінің, сондай-ақ оның идеяларының жас ұрпақ жүрегіне терең сіңіп келе жатқанының айқын дәлелі.