"Әскер-ерлік пен батылдық мектебі"

16.09.2025ж мектебімізде жоғары сынып оқушыларының қатысуымен "Әскер-ерлік пен батылдық мектебі" тақырыбында ерлік сабағы өтті.
Іс-шараны АӘжТД пәнінің жетекшісі Б.К.Ахантаев өткізіп, жасөспірімдерге патриоттық бағытта өнегелі ой-пікірлерін жеткізді. Осындай тағылымы мол сабақтар арқылы өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық қасиеттері қалыптасары сөзсіз.