«Еңбек – түбі береке»

7 қазақ сыныбында «Еңбек – түбі береке» атты сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында еңбек туралы мақал-мәтелдер сайысы, пікірталас, бейнеролик көру және шығармашылық тапсырмалар орындалды. Оқушылар еңбек етудің маңызын түсініп, «Еңбек – адам өмірінің негізі» деген қорытынды жасады.