back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қоғамға қызмет ету"
30-09-2025 09:41
Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары Халықаралық қарттар күніне орай "Қамқор" жобасын іске асыру мақсатында "Қоғамға қызмет ету" тақырыбымен волонтерлік қызмет атқарды.
Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, үлкенге құрмет көрсету сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ қарттар мен зейнеткерлерге көмек көрсету арқылы қоғамға пайда келтіру.
Іс-шара барысында оқушылар жалғыз тұратын қарттардың үйлеріне барып, аулаларын тазалап, отын жарып, үй шаруасына қолғабыс жасады. Сонымен қатар, әңгімелесіп, рухани қолдау көрсетті. Бұл оқушыларға үлкен өмірлік сабақ болып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді.
Осындай бастамалар арқылы оқушылардың әлеуметтік белсенділігі артып, волонтерлік қызметтің маңыздылығын терең ұғына түсуде.
Новости