«Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс-шарасы.
Бүгін Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте Республика күніне орай «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында «Жас ұлан» ұйымына 16 оқушы, ал «Жас қыран» ұйымына 10 оқушы қабылданды. Оқушылар Отанға адал болуға, ел игілігі жолында қызмет етуге ант беріп, ұйымның толыққанды мүшесі атанды.
Бұл шара жас ұрпақтың елжандылық сезімін, отансүйгіштік пен патриоттық рухын арттыруға бағытталған маңызды оқиға болды.



