Ұстаздар күні құтты болсын!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Бүгін – жүректерге жылу сыйлайтын, білімнің шамшырағы болған ұлағатты ұстаздарға арналатын ерекше күн. Осыған орай, Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара аясында оқушылар ұстаздарға деген ыстық ықыластарын, алғыстарын өнер арқылы жеткізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ән айтылып, би биленіп, жүрекжарды лебіздер айтылды. Бұл — ұстаздар еңбегіне деген шынайы құрметтің көрінісі.
Ұстаздарымызға мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, шәкірттерінің биік жетістіктеріне куә болуды тілейміз!



