"Қарты бар үй — қазыналы үй"
«Қамқор» жобасы аясында қайырымдылық шарасы өтті
Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары Халықаралық қарттар күніне орай волонтерлік қызмет көрсетіп, игі іске атсалысты.
"Қарты бар үй — қазыналы үй" демекші, оқушылар өздерінің қамқорлығы мен ізеттілігін көрсетіп, қарттарымызға көңіл бөлу — парызымыз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қарияларымыз аман болсын, дендеріне саулық, бастарына амандық тілейміз!
Іс-шараға қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер «Ислам» дүкеніне алғысымызды білдіреміз. Жеке кәсіпкердің отбасына амандық, бақ-береке, мол ризық тілейміз!

