«Ерте жүктіліктің алдын алу»
Бүгін А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте мектеп психологы 9–11 сынып оқушыларымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбына сынып сағатын өткізді.
Жиын барысында ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық жағдайға және әлеуметтік өмірге әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жауапты мінез-құлық, қауіпсіздік дағдылары және жеке шекараларды сақтау мәселелері бойынша маңызды ақпарат алды.
Іс-шара соңында тақырыпты жақсы меңгеруге көмектесу мақсатында оқушыларға арнайы әзірленген ақпараттық жадынамалар таратылды.
Мектеп ұжымы жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

