back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Толқын»
28-11-2025 11:05
«Толқын»
Абдолла Асылбеков атындағы ЖББМ «Толқын» атты оқырмандар клубы.
Мақсаты: Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру, адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат болуына тәрбиелеу.
«Толқын» оқырмандар клубында 4-сынып оқушыларымен «Дауыстап оқу» атты шара өтті. Дауыстап оқу – бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын дамыту үшін ең тиімді әдіс. Бұл әдіс айтылу дағдыларын дамытуға, мәтінді немесе шығарманы түсінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар оқуға деген қызығушылықты арттырады. Бұл ретте ең бастысы баланың жасына сай кітапты таңдау керек. Өйткені, оқылатын мәтіннің түсінікті әрі қызықты болуы маңызды рөл атқарады. Яғни, сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылуына, интонация мен ырғаққа мән беруі қажет. Бұл балаларға тілдік дыбыстар мен ырғақтарды жақсы әрі дұрыс қабылдауға көмектеседі.
Оқылған кітаптар: "Бақыт құсы", "Қызғылықты қылықтар", "Қағаз қалпақ", "33 мысал", "Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды"? "Бабушкины сказки", "Принц Томас", "Белоснежка и семь гномов", "Глупый волк".
Ыбырай Алтынсариннің «Білген үстіне біле түссем» деген нақыл сөзінің пайдысын асыруға талпынайық.
Новости