«Қаржы сақшысы»
«Адал азамат» бағдарламасы аясында Республика бойынша 2–11 сынып оқушылары арасында өткен «Қаржы сақшысы» компьютерлік (интеллектуалды) ойын тестінде ауданымыздың оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
Аудан бойынша ең жоғары балл жинаған А.Асылбеков атындағы ЖББМ-нің 8-сынып оқушысы Әзімбай Інжу Нұра ауданының білім бөлімі басшысы тарапынан марапатталды.
Жеңімпаз оқушымызды құттықтаймыз, алдағы білім жолында сәттілік тілейміз!
