«Ауыл олимпиадасы»
2025 жылдың қазан айында ауыл мектептерінің оқушылары арасында «Ауыл олимпиадасы» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиада дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ оқу пәндеріне қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілді.
А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінен облыстық турда 8 оқушы қатысты.
- Ерден Жантөре, 9 сынып оқушысы (оқыту қазақ тілі), ағылшын тілі пәні бойынша 2- орын алды. /жетекшісі Жакупова О.М./
-Жұмабекова Жангүл, 9- сынып оқушысы (оқыту орыс тілі), физика пәні бойынша 3-орын алды. /жетекшісі Абаева К.М./
Анар Жанғали, 9- сынып оқушысы тарих пәнінен, Ережепова Жанерке 11-сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен грамотамен марапатталды.
Оқушыларға оқуда табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

