“Заң және тәртіп”
А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары еңбек сабағында “Заң және тәртіп” тақырыбында шығармашылық жұмыстар орындады. Сабақ барысында білім алушылар заңға бағыну, тәртіп сақтау және қоғамдағы жауапкершілік жайлы ойларын сурет арқылы бейнеледі. Бұл жұмыс оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

