«Кітап оқитын ұлт»
А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебіндегі «Толқын» атты клубында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында, оқушылар арасында “Оқуға арналған үзіліс” атты күнделікті 15 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Сыныптарға бөлінген кітаптары бойынша мазмұндарын айтып, эссе жазды. Оқушылар кітаптар әлеміне қызыға еніп, кітап оқуға құштарлықтары арта түсті.

