
Бүгін, 15 наурыз, елімізде Қайырымдылық күнін атап өтілуде. Наурыз – мейірімділік пен татулық мейрамы. Сондықтан мереке күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созу, мейірімділік таныту Наурыздың қадірін арттыра түседі. Еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылық, мейірімді насихаттайтын түрлі іс-шара өтеді. Астанада қарттар үйі, балалар үйі мен көпбалалы отбасыларға арнайы мерекемен құттықтау іс-шарасы өткізіледі. Сондай-ақ қала әкімінің қатысуымен көпбалалы аналар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен зиялы қауым өкілдеріне ауызашар беріледі. Биыл Наурыз он күн бойы тойланады. Осы уақыт аралығында республика бойынша 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады.