
Кәмелет жасына келмегендердің құқығын қорғайтын «Баланың құқықтары туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» заңдар, «Неке және отбасы туралы» кодекс бар. Бала да, оған көрсетілген зорлық-зомбылық куәсі болған басқа біреу де кез келген құқық қорғау органдарымызға: полицияға (тел. 102), прокуратураға, балалардың құқығын қорғайтын уәкілетті өкіл Зағипа Балиеваға (тел. 111) звондай алады. Олар міндетті түрде шара қолдануы тиіс.
2004 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Балалар құқықтары жөніндегі конвенцияға қол қойды. 2006 жылдан бастап Қазақстанның білім және ғылым министрлігінде балалар құқығын қорғау комитеті жұмыс істейді.