
31.01.2025 ж.Кәрім Мыңбаев ЖББМ мектебінде "Математикалық сауаттылық "апталығының жоспарына сәйкес 8-9 сыныптар арасында "Жарқын болашақ" квест ойыны өткізілді. Мақсаты: қатысушы оқушыларды ұйымшылдыққа,математикалық тапсырмаларды оңай және жылдам шешуге,ой-қабілетін дамытуға,пікірін дамытуға бағыттау. Оқушылар топқа бөлініп,геометриялық фигуралармен жұмыс жасап, екі жақты болып тапсырмаларды орындау барысында кездескен есептерін,есептеу алгоритмін сақтай отырып орындады.Білімдерімен біліктерін тәжірибеге негізделген пәнге байланысты қолдана білді.