back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Еңбек деген байлық бар - ерінбеген жететін»
24-09-2025 21:52
«Еңбек деген байлық бар - ерінбеген жететін»
22.09.2025 жылы 3-4«А» сынып жетекшісі Әлмағамбет А.М. сынып оқушыларымен «Еңбек деген байлық бар - ерінбеген жететін» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға еңбектің қадірін ұғындыру, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу болды. 
«Еңбек – жай ғана қызмет емес,адам болмысының айнасы» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа,іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу құндылықтары да сөзге тиек етілді. Тәрбие сағаты барысында мақал-мәтелдер айтылып,оқушылар өз ойларын ортаға салды. Оқушылар еңбек туралы сұрақ-жауап «Шебер қолдар» ойынын қызыға ойнап, сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдерден құралған пазл жинақтарына жазылған екінші бөліктерін тауып, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндірді. Сондай-ақ, “Еңбек -ырыстың бастауы” тақырыбында ойларымен бөлісіп, еңбектің адам өміріндегі маңызы зор екенін, адал еңбектің әрқашан биікке  жетелейтінін айтып өтті.
Новости