20 қаңтар күні К. Мыңбаев атындағы ЖББМ-де ауылдық учаскелік инспектор Мадин Ш.О.-ның қатысуымен «Менің құқықтарым – менің жауапкершілігім» тақырыбында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кез келген құқық бұзушылыққа жол бермеу, заң талаптарын сақтау, тәртіп пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, буллинг және кибербуллинг ұғымдары, олардың түрлері мен салдары, сондай-ақ мұндай жағымсыз жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндіріліп, тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетілді.

