Нұра ауданының прокуроры Сәдібаев Қанат Советұлымен кездесу өткізілді
21 қаңтар күні «Заң мен тәртіп» айы аясында мектебімізде Нұра ауданының прокуроры Сәдібаев Қанат Советұлы-мен нашақорлықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Іс-шара барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзушылықтың алдын алу және зиянды әдеттерден сақтану жолдары туралы маңызды ақпарат берілді.
Аталған дәріс оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
