«Digital Check-in» акциясы
09.02.2026 ж. К. Мыңбаев атындағы ЖББМ-де «Digital Check-in» акциясы өткізілді.
Акция барысында білім алушылардың цифрлық гигиена туралы білімін арттыруға бағытталған ақпарат берілді. Оқушыларға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық, жеке деректерді қорғау, экран уақытын тиімді пайдалану және цифрлық тәуелділіктің алдын алу туралы түсіндірілді.
Іс-шара барысында жадынамалар таратылып, оқушылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етілді.

