back-image
"Құланөтпес негізгі орта мектебі" КММ
Организации> "Құланөтпес негізгі орта мектебі" КММ
«Құланөтпес негізгі орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңестің қалыптастырылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатыны туралы хабарлайды
04-03-2024 11:50
«Құланөтпес негізгі орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңестің қалыптастырылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатыны туралы хабарлайды. Қамқоршылық кеңес мектепке дейінгі ұйымның дамуына ықпал ететін және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін мектепке дейінгі ұйыммен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға міндетті.
Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия сайлайды.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Үміткерлерге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Қосымшада білім беру мекемелерінің тізімі берілген.
Ұсыныстарды қабылдаудың аяқтау мерзімі: 2024 жылғы 16-26 ақпан аралығында.
Ұсыныстар «Құланөтпес негізгі орта мектебі» КММ беріледі, Муканова 1.
Байланыс телефоны: 8-72144-53-085
Электрондық мекен-жай:  Kulanutpes2018@bk.ru
Новости