back-image
"Мұташ Сүлейменов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Организации> "Мұташ Сүлейменов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
"Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі
18-04-2023 16:23

Бүгін 7-11сынып оқушылары арасында "Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі болды.Олимпиада мақсаты-қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау; оқушылардың шығармашылық,ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. Олимпиадаға М.Сүлейменов атындағы тірек мектеп(РО)КММ-нен 5 оқушы қатысып,4 оқушы жүлделі орындармен оралды.Оқушылар 5 номинация бойынша бақтарын сынады. "Бейнелеушілер"байқауына 7 сынып Сатанова Айжан 3 орын,жетекшісі Даутова Жанар Кертаевна. "Сөз шеберлері"байқауына 9 сынып Қосан Сымбат 2 орын, "Жас қаламгер" байқауына 9 сынып оқушысы Тукен Тамила 3 орын,жетекшісі Пшенбаева Алтангуль. "Əнші-бұлбұл" байқауына 10 сынып оқушысы Нұрмағанбетова Аружан қатысып 2 орынды иеленді.Жетекшісі Турмаганбетова Жумагуль Амановна.Алдағы уақытта оқушыларымыздың жетістіктері қоржынымызда көбейіп,ұстаздардың еңбегі жанып,білімді де алғыр шəкірттеріміз көп болсын!

Новости