Желтоқсан айының сегізінші жұлдызында М.Сүлейменов атындағы тірек мектебі КММ-де «Тарих толқынында» атты тарихи сауаттылық апталығының салтанатты ашылуы өтіп, іс-шаралармен жалғасын тапты. Атап айтатын болсақ: 5-11 сыныптарда салтанатты жиын өткізілді. Сонымен қоса 5,6 сыныптарда: «Тарих ортасы», «Каһармандар әлемі» тақырыптарында суреттер конкурсы өткізілді, оқушыларға «Қазақ» терминінің шығу тарихы» тақырыбына баяндамалар мен презентациялар ұсынылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, Зира Наурызбаеваның "Қазақтардың мәңгілік аспаны" атты шығармасымен таныстырылды, «Толеранттылық - бейбітшілікке апаратын жол» тақырыбында 8 сыныпта жиын өткізілді; 10 сыныпта «Ұлы Дала» атты виртуалды экскурсия ұйымдастырылды; 11 сыныпта Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығына арнлаған электронды газеттер байқауы өткізілді.




