" Жеңіс тарихы" атты сынып сағаты

7-9 Мамыр мерекелеріне орай 9 сынып оқушыларының қатысуымен " Жеңіс тарихы" атты сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Қарулы күштері туралы ақпарат алып, қазақ батырлары Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлованың майдан жылдары орын алған қызықты естеліктерін және Бауыржан Момышұлының өлең жолдарын оқыды. Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.